• Русский
  • Қазақ тілі
  • Жалпы ақпарат

    Астана қаласының жасыл белдеуінің ағаш екпелерінің қолданыстағы аудандарын ұлғайту 1996 жылғы 9 қаңтардағы № 39-8/81 Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясының елорданың көшіру жөніндегі қаулысымен шешілген болатын, оған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бастаушы болған. Елорданың құрылған жасыл белдеуінің жалпы ауданы 14 827 гектарды құрайды, оның ішінде 11 502,2 гектарды орман екпелері алып жатыр, оларда 9,6 миллионнан астам ағаш пен 1,9 миллионға жуық бұталар өседі.

    Оның жалпы ауданы 13 826 га, және де нақты ауданы 10 525 гектары ықтармааралық кеңістіктерді сақтай отырып ағаш отырғызу арқылы, жасы 14-16 жастан аспайтын ағаштар отырғызылған жаңадан құрылған орман белдеулері екенін атап өткен жөн.

    «Жасыл аймақтың» жаңа көшеттерін күтіп-баптау үшін 2005 жылғы 24 наурызда «Астана орманы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды, ол 2011 жылы Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 32-654б қаулысының негізінде «Астана орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды.

    Кәсіпорынның негізгі қызметі: Астана қаласының жасыл белдеуінің объектілерін күтіп-ұстау. Серіктестік жергілікті аймақтың маусымдық және табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, топырақты механикаландырылған түрде өңдеу, ағаштар мен бұталардың тәжіне берілген пішін беру үшін түптеу және кесу, аурулармен және зиянкестермен күресу мақсатында химиялық өңдеу, өртке қарсы жұмыстар, орман екпелерін кесуден, қоқыс тастаудан және басқа да бұзушылықтардан қорғау кіретін агротехникалық жұмыстар кешенін жүргізеді.

    Қазіргі уақытта өндірістік тапсырмаларды орындау үшін «Астана орманы» ЖШС 40 бірлік көлемінде аспалы жабдығы бар тракторлардан, 10 бірлік

    көлемінде суару машиналарынан, 30 бірлік көлемінде түрлі жүк көтергіштікті өзі түсіргіштерден, 3 бірлік көлемінде автобустардан, 11 бірлік көлемінде жеңіл автокөліктерден, 2 бірлік көлемінде кез келген жолда жүретін көліктерден, 3 бірлік көлемінде қарда жүретін көліктер, жүк тиегіштен, отын толтырғыштан, краннан, вакуумды автомобильден тұратын 104 бірлік көлеміндегі автотракторлық бағы бар. Кәсіпорын қызметі Астана қаласының жасыл белдеуін күтіп-ұстау және одан әрі дамыту бойынша жұмыстарды сапалы және уақтылы орындауға, қажетті агротехникалық шаралар кешенін орындауды қатаң сақтауға, орман қорғау аймағына ықтырмалық отырғызу әдісін орманға айналдыру бойынша іс-шараларды орындауға, жаңа ағаш дақылдарын енгізуге және аймақтарға бөлуге, құрылған орман алқабын жабайы аңдар мен құстарды қоныстандыруға бағыттаауға тұрақты түрде бағытталған, бұл болашақта жасыл белдеуді елордамыздың тұрғындары үшін сүйікті демалыс орнына айналуына мүмкіндік береді.

    7 т. Жасыл белдеуді дамыту және күтіп ұстау қызметінің жұмысы туралы ақпарат  

     

    Бөлімнің  негізгі міндеті – Астана қаласының «Жасыл белдеу» аумағындағы орман екпелерінің алқаптарын ұлғайту. Елорданың жасыл белдеуінің жалпы ауданы 14827 гектарды құрайды, оның 11502,2 гектары іс жүзінде орман екпелерімен жабылған, оларда бірінші кезеңнің 9,6 миллионнан астам ағаштары мен 1,8 миллион бұталары өседі (1998-2004ж). Бүгінгі күні жасыл белдеудің орман екпелерінің саны бірінші, екінші және үшінші кезең жобаларын іске қосу есебінен ұлғайды және ол 11 549 935 дана ағаштар пен 2 004 650 дана бұталарды құрайды. Барлығы 13 554 585 ағаштар мен бұталар.

    Жасыл белдеудегі жұмыстар 2 бағдарлама бойынша жүргізіледі:

    1. 016 Жасыл белдеуді ағымды күтіп ұстау («Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ жасалған 2023ж.05.05. №12 шарттың негізінде).
    2. 065 Жарғылық капиталды ұлғайту (жасыл белдеудә жаңғырту жобалары бойынша 4-5-6 кезектер)

    Бірінші  бағыт  016  бағдарлама бұл 2023 жылы 1 256 547,743 мың теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған бірінші кезеңдегі ағаш екпелерді күзету, қорғау және ағымдағы күтіп ұстау. Бұл бағыт бойынша он екі айда 1 256 547,743 мың теңге (жылдық жоспардан 100%) игерілді, және осы қаражатқа келесі жұмыс түрлері атқарылды:

    1. Ағаштардың ұшар басын табиғи түрге келтіру – 171 747дана (жылдық жоспардан 100%).
    2. 360 га аудандағы өртке қарсы алқаптарды жырту (жылдық жоспардан 100% 360 га). 660 га аудандағы өртке қарсы алқаптарды делегейлеу (жылдық жоспардан 100% 360 га).
    3. Механикаландырылған түрде өңдеу: 184 гектар ықтырмааралық кеңістіктерді тырмалау (жылдық жоспардан 100% 184 га).
    4. Қар ұстату – 900 км (100 % ).
    5. Ғылыми-зерттеу жұмыстары (17 зерттеу жүргізілді, жылдық жоспардан 100%, 17 зерттеу):

    а) қаланың жасыл белдеуінің ағаш екпелерін орман патологиялық зерттеу;

    б) екінші қатардағы орман дақылдарының жағдайы, бойы және сақталу мониторингісі;

              в) «Астана орманы» ЖШС  қайыңды және шегіршінді-үйеңкелі ағаш екпелерде шабуды жүргізудің биологты-экономикалық бағасы;

             г) Астана қаласының жасыл аймағының қала маңы ормандарындағы рекреациялық жүктемені анықтау

    д) Астана қаласының жасыл аймағындағы ағаш екпелердің өсу жағдайына көпжылдық шөптердің әсерін зерттеу

    1. 1300 га аумақта (1300 га жылдық жоспардан 100%) жасыл алқаптарды зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу (аспалы моторлы бүріккіш) қолданылды.
    2. Кеміргіштер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу.Дәрі-дәрмекпен қорғау мақсатында 147 500 ағаш өңделген (жылдық жоспардан 100%).
    3. Өртке қарсы іс-шаралар 12 371 маш/сағ суарып-жуғыш машиналардың кезекшілігмен қамтамасыз етіледі (жылдық жоспардан 100%).

    Екінші бағыт – 065 бағдарламасы бойынша жарғылық капиталды ұлғайту арқылы. Бұл жасыл белдеудің дамыту, яғни ықтырмааралық кеңістіктерде екінші қабылдаудағы ағаш екпелерді құру. Екінші кезеңнің жұмыстары 2009 жылдың маусымында басталды, онда жасыл белдеудің орман қорғау алқаптарын орман алқабына айналдыру міндеті тұрды. Тапсырманы іске асыру шеңберінде «Қазгипролесхоз» РМК Солтүстік Қазақстан филиалымен (Щучинск қ.) алты жоба әзірледі. Барлығы «Астана орманы» ЖШС  2012 жылдан бастап 12 жыл бойы (2012-2023ж) жобаның алты кезегін іске асыру шегінде, жалпы ауданы 13 216 гектар жасыл белдеуде, ықтырмааралық кеңістіктерге, 4 723 428 дана екпе көшеттер ауданы 4 028,07 гектарға отырғызылды. Оның 28,6% қылқан жапырақты тұқымдар (шырша, қарағай, бал қарағай) және 71,4% бал қарағай (емен, шегіршін, жиде, күл, үйеңкі, қарақат). Ауданы 674,86 гектарға көп жылдық шөптер себілді (донник, эспарцет, люцерна).

    Реализация проектов 1-інші, 2-нші және 3-інші кезек жобалырын жүзеге асыру аяқталды және 2016, 2020 және 2022 жылдары пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 4,5 және 6 кезек жобаларын жүзеге асыру үшін 2 326 712,00 мың тенге бөлінді, бұл қаражатқа 2019-2023 жылдары 2 326 712,00 мың тенгеге құрылған екпе көшеттерді күтіп ұстау жұмыстары орындалды (жылдық жоспардан 100%).).

    Барлығы 2023 жылы, 6-ншы кезек жобасы бойынша ауданы 452,84 гектарға 456 931 дана екпе көшеттер отырғызылды (көктемде ауданы 203,94 га 249 514 дана және күзде ауданы 248,9 гектарға 207 417 дана).

     

    2024 жылға арналған жоспар

     

    2024 жылы жоғарыда аталған жасыл белдеу бойынша жұмыстардың барлық түрлеріне  690 212 305 теңге қаржыландыру қажет. Осы сомаға келесі жұмыс түрлерін орындау жоспарланып отыр:

    Жасыл белдеуді күтіп ұстау бойынша жұмыстар (016 бағдарлама)

    1. 1 319 398 305 теңгеге бірінші кезеңдегі жасыл белдеудің ағаш екпелерін ағымды күтіп ұстау;

    Ағаш екпелерді қайта жаңғырту және Астана қаласының жасыл белдеу аумағында екінші қабылдаудағы ағаш екпелерді құру (065 бағдарлама)

    1. 4-кезек жобасы (839 218 дана екпе көшеттерді күтіп ұстау) – 41 016 000 теңге;
    2. 5-кезек жобасы (890 151 дана екпе көшеттерді күтіп ұстау) – 418 835 000 теңге;
    3. 6-кезек жобасы (658 935 дана екпе көшеттерді күтіп ұстау және 237,56 гектарға 200 217 дана екпе көшеттерді отырғызу) – 1 910 963 000 теңге.

    Барлығы үш кезек бойынша 2 370 814 000 теңге.

     

     

    «Астана орманы» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа тәуекеліне ішкі талдау нәтижелері туралы анықтама

    spravka-too-astana-ormany

    CХЕМА РАСПОЛОЖЕНИЯ
    САНИТАРНО-ЗАЩИТНОЙ ЗОНЫ
    Юридическийадрес:
    г. Астана, район «Есиль», лесной
    кордон, восточнее шоссе Қарқаралы
    3600 м., дом №1.
    Фактический адрес:
    Акмолинская область,
    Целиноградский район, п.Ильинка,
    База МТМ,
    тел. приемной: 8 (87172) 49 86 67,
    факс 8 (7165) 14 18 68