Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!

Асыл тұлға

 

Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Қазақ халқының тарихында да болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білімімен, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адамдар өмір сүрді. Бір басында сан салалы өнер тоғысқан тілегей теңіз энциклопедиялық білім иесі болған ол қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, Ахмет Байтұрсынов.

Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне және Қазақ халқы тілдері күніне орай 2023 жылдың 5-қыркүйегі күні «Астана орманы» ЖШС Ахмет Байтұрсыновтың өмірімен және шығармашылығымен танысу шарасы өткізілді. «Астана орманы» ЖШС әкімшілік бөлімінің бастығы Бақытгүл Қамзеқызы Байгундина кәсіпорын қызметкерлерін азаттық таңын аңсаған Алаш арыстанының бірі Ахмет Байтұрсыновтың асқар тұлғасы туралы мәлімен беріп, өмір сүрген қоғамдық ортасымен таныстырды.

Ахмет Байтұрсынов «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта құрымайды, жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.»- деп өз ана тілімізді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық санамызды, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға шақырды.

Осы негізде атамыз Қадыр Мырзаалиевтің «Ана тілің – арың бұл» өлеңінде айтылғандай ана тілімізді құрметтеуге, қадірлеуге шақырамыз.

 

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

 

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!