Category: Жаңалыктар
Сенбілік өткізілді
Тазалық – бұл әдемі әлемде өмір сүруге деген ұмтылысымызды көрсетудің тамаша тәсілі, сондай-ақ күздің жылы күнінде таза ауада бейресми жағдайда сөйлесу мүмкіндігі. Өйткені, тазалық біздің ішімізде де, айналамызда да маңызды, сондықтан мұндай шаралар өте қажет. Тазалық жұмыстарын аяқтаған соң, біздің күш-жігеріміздің арқасында әлем бұрынғыдан да әдемі болып кеткенін көру қандай жақсы.
Сонымен, 21 қыркүйекте Астана қаласының жасыл белдеуіндегі «Павлодарская трасса» учаскесі, №1 квартал аумағында сенбілік өткіздік.
«Астана орманы» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелеріне жаппай талдаудың басталғандығы туралы хабарландыру
«Астана орманы» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің
ішкі талдау нәтижелеріне жаппай талдаудың басталғандығы туралы хабарландыру
2024 жылға арналған Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 3 маусымынан бастап «Астана орманы» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) қызметіне СЖТІТ жүргізу жүзеге асырылуда.
Серіктестік директорымен бекітілген 2024 жылғы 24 мамырдағы № 71-Ө бұйрығының 2-қосымшасының 5-тармағына сәйкес, Серіктестік қызметіндегі СЖТІТ нәтижелерін жаппай талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Осыған байланысты барлық мүдделі тараптарды СЖТІТ нәтижелерін талқылауға қатысуды сұраймыз.
Серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға қатысты сұрақтарға қызығушылық танытқандарға +7 (707) 996-34-33 («Астана орманы»ЖШС комплаенс офицері) телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
21.06.2024ж
Smart Astana гос
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Smart Astana»мобильдік қосымшасын қолдануды жүзеге асыруда.
Бұл әмбебап құрал енді елорда азаматтарына кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тез және жасырын түрде хабарлауға мүмкіндік беретін «Stop сыбайлас жемқорлық» функциясын қамтиды.
Осылайша, өз құқықтарын қорғау және әділ қоғам құру принциптеріне ықпал ету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ
Хабарландыру
Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған іс-шара өткізеді.
Консультанттар ретінде заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылары палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
Тұрғындар ағымдағы жылдың 13 маусымда сағат 16:00 – 18:00 аралығында №1 Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алаңында (Сәбит Мұқанов көшесі, 2) құқықтық кеңес ала алады.
Заң кеңестері кезек тәртібімен көрсетіледі.
Менің рәміздерім – менің мақтанышым!
2024 жылдың 04 маусымы күні «Астана орманы» ЖШС Қазақстан Республикасының рәміздер күніне байланысты салтанатты іс-шара өткізілді. Серіктестік қызметкерлері зор мақтанышпен Қазақстан Республикасының Әнұраның орындады. Қызметкерлер мерекемен әріптестерін құттықтады. Сонымен қатар қызметкерлерді іріктеп алу менеджері Байгундина Бақытгүл Қамзеқызы Қазақстан Республикасы рәміздерінің шығу тарихымен таныстырып өтті.
#АстанаМемлекеттікрәміздеркүні#Меніңрәміздерімменіңмақтанышым#Меніңтуым
Серіктестіктің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы туралы хабарландыру 2024
«Астана орманы» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу туралы
20.05.2024ж.
Астана қ.
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-мен 2024 жылдың 29 наурызында бекітілген Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІ) жүргізу кестесіне сәйкес және 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші типтік базалық бағыттың жобалар тобын орындау шеңберінде ағымдағы жылдың 3 маусымы мен 15 шілдесі аралығында «Астана орманы» ЖШС қызметіне СЖТІ өткізіледі.
СЖТІ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік тәртіп қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІ дайындау және өткізу кезінде келесі рәсімдер жүзеге асырылады:
- Серіктестіктің интернет-ресурсында, БАҚ-да және әлеуметтік желілерде СЖТІ басталғаны туралы хабарландыру – а.ж. 20 мамыры;
- СЖТІ өткізу туралы бұйрықты бекіту – а.ж. 27 мамыры;
- СЖТІ басталуы – а.ж. 3 маусымы;
- Серіктестіктің интернет-ресурсында, БАҚ-да және әлеуметтік желілерде СЖТІ қорытындыларын қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы хабарландыру – а.ж. 28 маусымы;
- СЖТІ қорытындысын қоғамдық талқылау – а.ж. 5 шілдесі;
- СЖТІ қорытындылары бойынша талдамалық есепке қол қою – а.ж. 16-шілдесінен 29-шілдесі бойы;
- СЖТІ нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу – а.ж. 16 шілдесінен 29 шілдесі бойы.
- Серіктестіктің интернет-ресурсында талдамалық есеп пен іс-шаралар жоспарын орналастыру – а.ж. 25 шілдесінен 29-шілдесі бойы.
«Астана орманы» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша келесі байланыс телефонына шығуларыңызды сұраймыз +7 (707) 996 34 33 («Астана орманы» ЖШС комплаенс офицері)
Разъяснение и предупреждение работников ТОО «Астана орманы» об опасности участия в финансовых пирамидах.
C днём конституции!!! #конституциякүніастана #деньконституцииастана
Президентский молодёжный кадровый резерв