• Русский
  • Қазақ тілі
  • Жол –сүрлеу жеүйесі

    Астана қаласы жасыл белдеуінің «Жол-сүрлеу жол жүйесі» веложолында өткен іс-шара туралы ақпарат

    Астана қаласында ССРО СШ М.Е.Ильяновты еске алуға арналған веложарыс өткізілуде. 17 шілдеде «Астана орманы» ЖШС Астана қаласының жасыл белдеуіндегі «Жол-сүрлеу жол жүйесі» веложолы аумағында аралас жарыс өтті. 2004-2005 ж.т жасөспірімдер арасында Виктор Сквирский жеңіске жетті, 2-орынға Олег Лихтенберг, 3-орынға Вячеслав Сичкарев ие болды. 2006 жылы туған жасөспірімдер және одан жастар арасында, Қапезов Жандос жеңімпаз атанды, Нағашпаев Нұрислам күміс, Хомичук Дмитрий қола алды. Қыздар арасында қашықтықты ең жылдам болып Нина Зайцева бағындырса, 2-орынға – Елизавета Склярова, 3-орынға – Репп Любовь ие болды. Бүгін топтық жарыс өтті. 2006 ж.т жасөспірімдер және одан жас балалар арасында Мұрат Күйтенов жеңіске жетті, 2-ші Вадим Аргентов, 3-ші Александр Голощапов болды. 2004-2005 ж.т жасөспірімдер арасында Вячеслав Сичкарев чемпион атанды, 2-орынға Никита Олейник, 3-орынға Олег Лихтенберг ие болды. Жарыс өтеді 19 шілдеде «Астана орманы» ЖШС Астана қаласының жасыл белдеуіндегі «Жол-сүрлеу жүйесі» веложолы аумағында аяқталады. Бәйге жеңімпаздарын марапаттау рәсімі осы жерде өтеді.

    Құрметті достар, мамыр мерекелері қарсаңында «Астана орманы» жасыл белдеуінің веложолы аумағында Астананың 20 жылдығына және ҰОС Жеңісінің 73 жылдығына арналған республикалық веложарыс өтті. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы Мәдениет басқармасымен және Республикалық велоспорт федерациясымен бірлесіп, 150-ден астам жас велошабандоздар қатысты.

    АШЫҚ ДӘСТҮРЛІ МКӨП КҮНДІК ҚАЛАЛЫҚ ВЕЛОСИПЕД ЖАРЫСЫ ССРО СШ М.Е ИЛЬЯНОВТЫ ЕСКЕ АЛУ 13-16 шілде аралығында «Астана орманы» ЖШС жасыл белдеуінің «Жол-сүрлеу жол жүйесі» веложолы аумағында ССРО СШ М.Е.Ильяновты еске алуға арналған ашық қалалық біріншілік өтті. Жарыс 50-ден астам спортшы мен 20-дан астам көрермен мен жанкүйерлердің басын қосты. 13 шілдеде 10 шақырымға жекелей жарыс өтті. Онда Даниял Болаттов 15 минут 26 секунд нәтижемен жеңсе, Олег Лмхтенберг 2-орынға – 15 минут 40 секунд, Никита Слепцов 15 минут 43 секунд нәтижемен 3-орынға табан тіреді. 14 шілдеде 21 шақырымдық топтық жарыс өтті. Олег Лихтенберг чемпион атанды, Евгений Яковенко күміс, Игорь Житняковский қола жүлдені иеленді. 15 шілдеде 30 шақырымдық топтық жарыста сол Олег Лихтенберг чемпион атанса, Роман Семенюк 2 орынды, Игорь Житняковский 3 орынды иеленді. 16 шілдеде 17 шақырымдық критериумдық жарыс өтті. Аралық мәрелері бар жарыста Игорь Житняковский жеңіске жетті, Олег Лихтенберг 2 орынды, Никита Слепцов 3 орынды иеленді. Қыздар арасында критериалды жарыста Репп Любовь чемпион атанды. «Жас шабандоз» номинациясын Қуанышев Батырхан жеңіп алды. Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маржықпаев Берік Боромбайұлының қолы қойылған дипломдармен, сыйлықтармен және медальдармен марапатталды. Жарысты ұйымдастырушылар «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Астана қаласы әкімдігінің «№6 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ «Астана Орманы» ЖШС ұжымына және басшылығына осы конкурсты өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді және одан әрі ынтымақтастықты болуға үміттенеді.

    2017 жылғы 23-24 маусым аралығында «Жол-сүрлеу жол жүйесі» веложолы аумағында «Астана орманы» ЖШС «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-мен, «Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу дирекциясы» КММ-мен, «№6 Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-мен, Қазақстан велоспорт федерациясы, Астана қаласының Велоспорт федерациясымен және «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-мен бірлесіп EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Астана кубогы» ХХХ халықаралық көпкүндік жасөспірімдер веложарысын өткізді. юношескую велосипедную гонку «Кубок астаны» посвященной международной специализированной выставке expo-2017 ! Велосипед спорты бойынша жарыстар келесі мақсаттарда өткізіледі:

    • Велосипедті дамыту және оны оқушылар мен жастар арасында кеңінен насихаттау;
    • Халықаралық спорттық қатынастарды дамыту;
    • Жас велошабандоздардың спорттық шеберлігін арттыру;
    • «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасын іске асыру;
    • Болашағы бар спортшыларды анықтау;
    • Ұлттық құраманы жасақтау.

    Жарысқа түрлі қалалар мен облыстардан: Ақмола облысы, Павлодар, Асатана, Заря, Батыс Қазақстан облысы, Қызылорда облыстарынан спортшылар қатысты. 21 шақырымдық жекелей жарыста 21 шақырымды 00:30:28 минутта бағындырған Астаналық спортшы – Эйхорн Владимир жеңіске жетті. 2 орын – 21 км-ді 00:30:44 минут нәтижемен көрсеткен Дмитрий Носков – Батыс Қазақстан облысы, және үшінші орын 21 км-ді 00:30:45 минут нәтижемен көрсеткен – Богданов Әмір – Астана қаласы. Қатысқандардың жалпы саны: 100 адам. Жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.

    2017 жылдың 4 маусымында «Жол-сүрлеу жол жүйесі» веложолы аумағында «Астана орманы» ЖШС «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-мен, «Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу дирекциясы» КММ-мен, «№6 Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-мен, Қазақстан велоспорт федерациясы, Астана қаласының Велоспорт федерациясымен және «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-мен бірлесіп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне және EXPO -2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Астана қаласының ашық чемпионатын өткізді. Велосипед жарыстары келесі мақсаттарда өткізіледі:

    • қалада және облыста велоспортты танымал ету
    • жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тарту
    • болашағы зор спортшыларды анықтау және ұлттық құрама құру
    • спорттық шеберлікті арттыру.

    Қатысқандардың жалпы саны: 80 адам. Жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды

    «Астана орманы» ЖШС «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-мен, «Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу дирекциясы» КММ-мен, «№6 Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-мен, Қазақстан велоспорт федерациясы, Астана қаласының Велоспорт федерациясымен және «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-мен бірлесіп жас ұлдар мен қыздар арасында Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған Астана қаласының ашық чемпионатын өткізді. Жарыс екі кезеңде өтті: 1-ші күні – 15 шақырымдық топтық жарыс, екінші күні – 23 шақырымдық жекелей жарыс. Қатысқандардың жалпы саны: 80 адам. Жарысқа жанкүйерлер мен кіші жастағы болашақ чемпиондар (мектеп оқушылары) қатысты. Жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды

    «Жол-сүрлеу жол жүйесі» веложолында өткен шара туралы ақпарат. Маусымның ашылуына байланысты «Астана орманы» ЖШС «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-мен, «Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу дирекциясы» КММ-мен, «№6 Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-мен, Қазақстан велоспорт федерациясы, Астана қаласының Велоспорт федерациясымен және «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-мен бірлесіп «Жол-сүрлеу жол жүйесі» веложолы аумағында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғыс белгісі ретінде Жеңіс күніне арналған Республикалық велошеру, Астана қаласының ашық біріншілігін өткізді. «Астана орманы» ЖШС қызметінің негізгі бағыты Астана қаласының Жасыл белдеуін күтіп-баптау және дамыту болып табылады және қатарынан елорда тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру үшін және «Жол-сүрлеу жол жүйесі» веложолы аумағында түрлі спорттық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады. «Астана орманы» ЖШС даму жөніндегі басқарушы директоры Юсуп Хасанұлы Келиговтың айтуынша: «Бұл іс-шара Еліміздің дамуы шеңберінде адами капиталды, ең алдымен ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторлары ретінде білім мен денсаулықты дамыту» деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы аясында өткізіліп отыр. Жарысқа 100-ге жуық спортшы қатысты. Велошеру аяқталғаннан кейін жеңімпаздарға «Сарыарқа» велотрегінің сыйлықтары табыс етілді.

    Белгілі болғандай, жасыл белдеудегі орман шаруашылығын ұйымдастырудың және күтіп-ұстаудың негізгі міндеті – орманның сауықтыру және қорғаныш қасиеттерін сақтау және жақсарту, өнімділігін және антропогендік әсердің әртүрлі нысандарына төзімділігін арттыру, орман экожүйелерінің тепе-теңдігін сақтау және халықтың жаппай демалуы үшін қолайлы рекреациялық жағдай жасау. Бұл мәселені шешу үшін 2011-2016 жылдары елорданың жасыл белдеуінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі блоктар аумағында елорда әкімдігі ұзындығы 25 658 м асфальт төселген веложол және велосипедшілердің демалуы үшін 11 күрке салынды. Бұл нысан Қорғалжын тас жолынан басталып, елорданың жасыл белдеуінің «Оңтүстік-Батыс бөлік» және «Талдыкөл жинағы» учаскелерінің аумағынан өтіп, Қарқаралы тас жолының маңында аяқталады. Қазіргі уақытта бұл нысанды одан әрі дамыту жоспарлануда, ол екі жалға беру пункті, жаяу жүргіншілер жолы (2 км), крос-кантри (6 км), Қарқаралы тас жолының жағында қосымша шағын веложол салудан, әртүрлі спорт алаңдары және балалар ойын алаңдарын орналастырудан тұрады.

    CХЕМА РАСПОЛОЖЕНИЯ
    САНИТАРНО-ЗАЩИТНОЙ ЗОНЫ
    Юридическийадрес:
    г. Астана, район «Есиль», лесной
    кордон, восточнее шоссе Қарқаралы
    3600 м., дом №1.
    Фактический адрес:
    Акмолинская область,
    Целиноградский район, п.Ильинка,
    База МТМ,
    тел. приемной: 8 (87172) 49 86 67,
    факс 8 (7165) 14 18 68