
Астана қаласының жасыл белдеуінің ағаш екпелерінің қолданыстағы аудандарын ұлғайту 1996 жылғы 9 қаңтардағы № 39-8/81 Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясының елорданың көшіру жөніндегі қаулысымен шешілген болатын, оған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бастаушы болған. Елорданың құрылған жасыл белдеуінің жалпы ауданы 14 827 гектарды құрайды, оның ішінде 11 502,2 гектарды орман екпелері алып жатыр, оларда 9,6 миллионнан астам ағаш пен 1,9 миллионға жуық бұталар өседі.

Оның жалпы ауданы 13 826 га, және де нақты ауданы 10 525 гектары ықтармааралық кеңістіктерді сақтай отырып ағаш отырғызу арқылы, жасы 14-16 жастан аспайтын ағаштар отырғызылған жаңадан құрылған орман белдеулері екенін атап өткен жөн.

«Жасыл аймақтың» жаңа көшеттерін күтіп-баптау үшін 2005 жылғы 24 наурызда «Астана орманы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды, ол 2011 жылы Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 32-654б қаулысының негізінде «Астана орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды.



Кәсіпорынның негізгі қызметі: Астана қаласының жасыл белдеуінің объектілерін күтіп-ұстау. Серіктестік жергілікті аймақтың маусымдық және табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, топырақты механикаландырылған түрде өңдеу, ағаштар мен бұталардың тәжіне берілген пішін беру үшін түптеу және кесу, аурулармен және зиянкестермен күресу мақсатында химиялық өңдеу, өртке қарсы жұмыстар, орман екпелерін кесуден, қоқыс тастаудан және басқа да бұзушылықтардан қорғау кіретін агротехникалық жұмыстар кешенін жүргізеді.
Қазіргі уақытта өндірістік тапсырмаларды орындау үшін «Астана орманы» ЖШС 40 бірлік көлемінде аспалы жабдығы бар тракторлардан, 10 бірлік



көлемінде суару машиналарынан, 30 бірлік көлемінде түрлі жүк көтергіштікті өзі түсіргіштерден, 3 бірлік көлемінде автобустардан, 11 бірлік көлемінде жеңіл автокөліктерден, 2 бірлік көлемінде кез келген жолда жүретін көліктерден, 3 бірлік көлемінде қарда жүретін көліктер, жүк тиегіштен, отын толтырғыштан, краннан, вакуумды автомобильден тұратын 104 бірлік көлеміндегі автотракторлық бағы бар. Кәсіпорын қызметі Астана қаласының жасыл белдеуін күтіп-ұстау және одан әрі дамыту бойынша жұмыстарды сапалы және уақтылы орындауға, қажетті агротехникалық шаралар кешенін орындауды қатаң сақтауға, орман қорғау аймағына ықтырмалық отырғызу әдісін орманға айналдыру бойынша іс-шараларды орындауға, жаңа ағаш дақылдарын енгізуге және аймақтарға бөлуге, құрылған орман алқабын жабайы аңдар мен құстарды қоныстандыруға бағыттаауға тұрақты түрде бағытталған, бұл болашақта жасыл белдеуді елордамыздың тұрғындары үшін сүйікті демалыс орнына айналуына мүмкіндік береді.
«Астана орманы» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа тәуекеліне ішкі талдау нәтижелері туралы анықтама https://astanaormany.kz/wp-content/uploads/2020/10/spravka-too-astana-ormany.pdf