Кәсіпорын туралы

«Астана орманы» 2005 жылы Астана қаласының жасыл белдеуінде шаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын нысанында құрылды, 2011 жылы «Астана орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды. Кәсіпорынның өндірістік базасы Целиноград ауданы Қараөткел ауылында орналасқан.
Қазіргі уақытта өндірістік тапсырмаларды орындау үшін кәсіпорында аспалы жабдықтармен қамтылған тракторлардан, суару машиналарынан, жүк көтергіштігі әртүрлі өзі түсіргіштерден, автобустардан, жүк-жолаушылар көлігінен, жеңіл көліктен, жер талғамайтын көліктен, қарда жүретін машиналардан, тиегіш, отын толтырғыштан, краннан, вакуумды автомобильден және ПАРМнан тұратын автотракторлы паркі бар. Сондай-ақ кәсіпорында елорданың жасыл белдеуінде орналасқан екі орман кордоны бар (Қарқаралы тас жолы және ЖЭО-2 аудандары). Қарқаралы тас жолы ауданындағы кордонның жанында қырғауыл тұрағы бар (осы уақытта қайта құру жұмыстары жүргізілуде), онда келесі жылдан бастап қырғауылдарды өсіріп-өндірудің биологиялық алуантүрлілігін арттыру жұмыстарды жүргізу жоспарлануда. Жарғыға сәйкес Серіктестік қызметінің түрлері болып келесілер табылады: – «Астана қаласының жасыл белдеуін (жасыл аймағын) құру»; – «Жол-сүрлеу жол желісін (веложол) күтіп ұстау, құру және дамыту». Кәсіпорын аймағымыздың маусымдылығы мен табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, көшет отырғызу, суару, топырақты механикалақ өңдеу, ағаштар мен бұталарды түптеу және пішіндеу, аурулар мен зиянкестермен күресу үшін химиялық өңдеу, өртке қарсы жұмыстар,  орманды кесуден,  қоқыс тастаудан және басқа да бұзушылықтардан қорғаудан тұратын агротехникалық жұмыстар кешенін жүргізеді.   «Астана орманы» ЖШС-нің басты міндеті – Астана қаласының жасыл белдеу аумағындағы орман екпелер алқабының ұлғаюына ықпал ету, елорда тұрғындарына қолайлы жағдай жасау және демалыс орындарын құру. Осы міндеттерді орындау мақсатында кәсіпорын жыл сайын жасыл белдеуде екі бағыт бойынша қатарынан жұмыстар жүргізеді. Бірінші бағыт – бірінші кезеңдегі ағаш екпелерді күзету, қорғау, және ағымды күтіп ұстау. Бірінші кезеңде, 1998-2004 жылдар аралығында Астана қаласының шегінде орналасқан елорданың жасыл белдеуін қалыптастыру ықтырмааралық кеңістіктерді сақтай отырып, орман алқабын отырғызу арқылы жүзеге асырылды. Қазіргі таңда бірінші кезеңнің жұмыстары толығымен аяқталды. Елорданың жасыл белдеуінің жалпы ауданы 14 827 гектарды құрайды, оның 11 502,2 гектарын орман екпелері алып жатыр, онда 9,6 миллионнан астам ағаштар (қайың, қарағаш, терек, үйеңкі, қарағай, жиде), 1,8 миллионға жуық бұталар (қарақат, шымтезек, үшқат, мойыл) өіп жатыр. Көбінесе жапырақты ағаштардың 98,2%-ы отырғызылды, қылқан жапырақты ағаштардың үлесі небәрі 1,8% құрады. Екінші бағыт – жасыл белдеуді дамыту, яғни ықтырмааралық кеңістіктерде екінші қабылдаудағы ағаш екпелерді құру. «Астана орманы» ЖШС елорданың жасыл белдеуінің ықтырмааралық кеңістіктерде алты жыл ішінде (2012-2017 жж.) 1589,2 гектар ауданға 2,1 миллионнан астам екпе көшеттер отырғызды. Оның 51% қылқан жапырақты (шырша, қарағай, балқарағай) және 49% жапырақты (емен, шегіршін, жиде). Екінші кезеңде, 2012 жылдан бастап 2019 жылдар бойы жасыл белдеудің жалпы ауданы 8 127 гектарының 2 261,6 гектар ықтырмаралық кеңістікеріне 2 847 002 дана екпе көшеттер отырғызылды. Оның 43%-ы қылқан жапырақтылар (шырша, қарағай, қарағай, арша) және 57%-ы жапырақты ағаштар (емен, шегіршін, жиде, күл, үйеңкі, қарақат). 617,3 гектар ауданға көпжылдық шөптер (беде, эспарцет) егілді. 2020 жылы IV-кезек жобасын іске асыру аясында 330,3 га ауданға 327 340 дана көлемінде жаңа ағаш екпелер (қылқан жапырақты 37 100 дана, жапырақты 287 200 дана) және ландшафттық биотопты құру үшін жер кесегі бар 3040 тікпе көшеттер отырғызуды аяқтау жоспарлануда.

Қызметі

«Астана орманы» ЖШС қызметінің негізгі қызметі Астана қаласының «жасыл белдеуін» күтіп ұстау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Жасыл белдеудегі жұмыстар қатарынан екі бағытта жүргізілуде. Бірінші бағыт – Астана қаласының жасыл белдеуінің бірінші қабылдауының ағаш екпелерін күзету, қорғау және ағымдағы күтіп ұстау. Кәсіпорынмен агротехникалық талаптары қарастырылған келесі жұмыс түрлерін орындалады:
  1. Ағаш тәждерін табиғи түрге қалыптастыру.
  2. Өртке қарсы жолдарды жырту және делегейлеу.
  3. Қатараралық және ықтармааралық кеңістіктерді механикаландырылған түрде өңдеу (қопсыту және делегейлеу).
  4. Қар ұстату.
  5. Жасыл ағаш екпелерді зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу.
  6. Кеміргіштерге қарсы химиялық өңдеу.
  7. Өртке қарсы іс-шаралар, орманды кесуден, зақымданудан және жанудан қорғау.
  8. Жабық тамыр жүйедегі ағаш дақылдарының екпе көшеттерін өсіріп шығару.
  9. Ғылыми-өндірістік тәжірибелер шегінде келесі жұмыс түрлері жүргізілед:.
previous arrow
next arrow
previous arrownext arrow
Slider
а) Ағаштарды қайта отырғызу (бар ағаштарды сирету) б) Тауықтектес отряд құстарын (қырғауыл) тәжірибелік жолмен өсіру.
  1. Ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі тақырыптар бойынша жүргізіледі:
а) Астана қаласының жасыл белдеуіндегі ағаш екпелерді ағаштар мен бұталардың зиянкес жәндіктермен зақымдануын және олардың ауруларының таралуын анықтау мақсатында орман патологиялық зерттеу тақырыбы бойынша жүргізіледі. Барлық тексерілген ағаштар мен бұталар түрлері бойынша зиянкестер мен аурулардың болуы туралы орман қорғау шараларын, оның ішінде елорданың жасыл белдеуінің ағаш екпелерінің жай-күйін жақсартуға көмектесетін белсенді қорғау шараларын жүргізу бойынша практикалық ұсыныстар берілген орман патологиялық жағдайлары туралы акт жасалады. б) Ғылыми тәжірибелік учаскелерде орман дақылдарының жай-күйін  зерттеу тақырыбы бойынша оқу жалпы қабылданған әдістемелік әзірлемелер негізінде жүзеге асырылды, негізіне тұрақты және уақытша сынақ аудандары орналастырылған және оларға бақылаулар жүргізілген.
  1. Жазғы кезең бойы жасыл белдеуге қарасты аумақтың рұқсат етілмеген қоқыстары шығарылады.
Жұмыс жүргізіліп жатқан екінші бағыт – жасыл белдеуді дамыту, атап айтқанда, ықтырмааралық кеңістіктерге екінші қабылдаудағы ағаш екпелерді құру. Қазіргі уақытта елорданың жасыл белдеуінің «Оңтүстік-батыс бөлі» және «Талдыкөл жинағы» учаскелерінде жасыл ағаш екпелерді жаңғырту және екінші қабылдаудағы ағаш  екпелерді құрудың 1-ші және 2-нші кезегінің жобаларын игеру жүріп жатыр. 2012 жылдың көктемінде кәсіпорынмен жобаға сәйкес елорданың жасыл белдеуінің аумағына 278,5 га ауданға жабық тамырлы жүйедегі 430 746 екпе көшеттер (сібір шыршасы, кәдімгі қарағай) отырғызылды. 2013 жылы жобаны іске асыру аясында 171,5 га ауданға 285 914 дана қылқан жапырақты екпе көшеттер отырғызылды, 180 га аданға көпжылдық шөптер (бал өсімдіктері) егілді және қолданыстағы ауданы 15 га ауданда жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Вегетациялық кезеңде отырғызылған өсімдіктерге күтім жасау жұмыстары (суару, қопсыту және т.б.) жүргізілді. 2013 жылғы көктемгі түгендеу кезінде орташа өмір сүру деңгейі 90% құрайтыны анықталды. Ағымдағы жылы бірінші кезең жобасымен құрылған екпелерін күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде және жалпы көлемі 3000 га ауданда 2012 жылы әзірленген жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстары басталды. Ағымдағы жылдың көктемінде жобаның екінші кезеңін іске асыру шеңберінде 298,9 гектар алауданға жабық тамыр жүйесі бар 398 434 дана екпе көшеттер отырғызылды, оның 57 186-сы қылқан жапырақты және 341 248-і орман құрушы жапырақ тұқымды ағаштар ( емен, шегіршін). 2014 жылдың күзінде 172,3 гектар ауданға бал өсімдіктері егілді.

Орны

«Астана орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі туралы» Заңына және кәсіпкерлік қызметті реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ірі кәсіпкерлік субъекті болып табылады. «Астана орманы» ЖШС қызмет түрлері болып табылады:
  1. Астана қаласының жасыл белдеуін (жасыл аймағын) құру;
  2. мамандандырылған автокөлікпен және техникамен қызмет көрсету