
Бүгін ТОО «Астана орманы» ұжымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шараға қатысып, Әнұран орындап, мемлекеттік нышандарымыздың маңызы туралы сөз сөйледі.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы, халқымыздың бірлігі мен ұлттық құндылықтарының айқын көрінісі.
Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыз елдігімізді айшықтап, Әнұранымыз рухымызды асқақтата берсін!
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!