Қарттар күні құтты болсын!
Халықаралық қарттар күніне орай «Астана орманы» ЖШС аға буын әріптестерін құттықтады.
Көп жылғы еңбегі, кәсібилігі және серіктестігіміздің дамуына қосқан үлесі үшін құрмет пен алғыс белгісі ретінде сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, рухани жылулық және ұзақ өмір тілейміз! Әр күн жақындарыныздың назарына, қамқорлығына және құрметіне толы болсын.








