Бүгін ұлы тұлғаның туған күніне орай ұжымымызда Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара өтті.

Іс-шара барысында қызметкерлер Абайдың рухани мұрасы, оның адамгершілік пен білімге, еңбекке және өзін-өзі тәрбиелеуге үндейтін тағылымды ойлары туралы сөз сөйледі.

Абайдың Он бесінші қара сөзінде айтылғандай, адам өзіне есеп беріп, өмірінің мәніне ой жүгірте білуі керек. Ұлы ойшылдың ғасырлар тоғысында айтқан терең ойлары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Абай мұрасы — ұлт руханиятының баға жетпес қазынасы. Оның өнегелі сөздері ұрпақты білімге, еңбекке және адамдыққа тәрбиелей береді.
